ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы 2022 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында өткен XIІІ Республикалық студенттік пән олимпиадасында IIІ орынды иеленген 6В01303 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Алаш ұрпақтары» студенттік командасын құттықтайды. Команда мүшелері: 6В01303 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Гүлсезім Сайранова,Ұлпанай Аменова, Гүлім Зейнуллина, Аида Қаржанова. Команданың жетекшісі – п.ғ.к., профессор Нұрбану Төкенқызы Ныгыманова.

Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!