Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Республика күнін мерекелеу қарсаңында Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметовке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы Қадыр Әбілжанұлын осы айтулы оқиғамен құттықтайды және оған одан әрі кәсіби қызметте табыс, зор денсаулық пен амандық тілейді.