Құттықтаймыз!!!

 

2022 жылғы 24 қазанда Еуразия гуманитарлық институтының «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенті Токова Аяна Газисовна «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ – 2022» III Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына қатысты (Петрозаводск қ., Ресей).

Конкурс қорытындысы бойынша А. Г. Токоваға «Қазақстандағы цифрлық қаржы технологияларын дамыту перспективалары» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін «Экономикалық ғылымдар» номинациясы бойынша I дәрежелі диплом берілді. Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының магистрі, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ж.Д. Даулетханова.