Құттықтаймыз!

«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерін (ИЯ-20-01 академиялық тобы) В. Горленко, Б. Турлыбекова, Т. Имангалиеваны Қазақстан Гете институты өткізген «Күнделікті өмірдегі экологиялылық» экологиялық байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

Неміс тілі бойынша PhD, доцент Ж.Т. Оспанова студенттермен экологиялық проблемаларды талқылайды, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады және қоршаған ортаның пайдасына білім алушылардың санасын жаңғыртуға ықпал етеді.