ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы 2019 жылдың 25-26 сәуірінде өткен XI Республикалық студенттік пән олимпиадасында II орын алған 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының «Ұлағат» командасын құттықтайды. Олимпиада «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» базасында өткізілді.

Команданың жетекшісі – п.ғ.м., аға оқытушы Аслан Есімханұлы Әлімбаев.

Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!