ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 11-і күні ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Аққу» әдеби бірлестігі және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері «Туған жерге тағзым» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

Кеш барысында туған жер, ауыл, отан тақырыбындағы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.