ВИЧ-жұқпалы ауруының алдын алу жөніндегі тілдесім алаңы
Еуразия гуманитарлық институтында 2019 жылғы 21 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік орталық» МҚКК-тің маманы А.Т. Тұрымованың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында педагогикалық мамандықтардың екінші курс студенттері арасында қоғамдық келісімді модернизациялауға, сондай-ақ жастар арасында ВИЧ-жұқпалы ауруының алдын алуға бағытталған тілдесім алаңы өткізілді. ЕАГИ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.д., профессор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аталған тақырып бойынша ой бөлісті. Белсенді студенттер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал диалог алаңының соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.