VІІ Халықаралық Шығыс экономикалық форумы

2022 жылғы 5-8 қыркүйекте Владивостокта VІІ Халықаралық Шығыс экономикалық форумы өтеді, оның аясында 5 қыркүйекте Қытай, Үндістан, Корея, Жапония, Тайланд, Вьетнам, Моңғолия, Пәкістан және басқа да Азия елдерінің тарихшы ғалымдарының қатысуымен «Азия елдерінің тарихын зерттеу» тақырыбында конгресс өтті. Конгресте «Ұлы Отан соғысына қатысуына байланысты Қазақстанның әскери тарихын оқыту (1941-1945)» тақырыбында Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының профессоры, т.ғ. к. С.А. Ескалиев баяндама жасады.