Волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисының ашылуы өтті

2020 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында Волонтер жылы аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты.

Фронт – офисты ашу кезінде Президент игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі екенін атап өтті.

Фронт-офистың ашылуы барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының жұмыстары және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша алаңдары таныстырылды.

Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті төрайымы Н.Т. Тырнахан, «Жас қанат» әлеуметтік ұйымының жетекшісі, Юк-17-01 тобының студенті Актаев Жандос, «Жас қанат» әлеуметтік ұйымының мүшелері Юр-18-01 тобының 2-курс студенті Шуханов Рустем мен Юк-19-01 тобының 1-курс студенті Абильдина Айгерим керемет іс-шараның куәсі болды.

Республика бойынша жастар арасында көшбасшы деген еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған еріктілер қатарына іліккен Еуразия гуманитарлық институты әрқашан президент саясатын қолдайды.