«WriteSmart» ағылшын тіліндегі эссе байқауы

2023 жылдың 10 қазанынан 18 желтоқсанына дейін Мәскеу қалалық университетінің (Ресей) Шет тілдер институтының ағылшын филологиясы кафедрасының оқытушылары ағылшын тілінде «WriteSmart» шығармашылық эссе байқауын ұйымдастырды және өткізді. Конкурстық тапсырма ретінде қатысушыларға «My Teacher, My Mentor» тақырыбында эссе жазу ұсынылды.

Байқауға Ресей, Қазақстан және Беларусь жоғары оқу орындарының атынан 145 студент қатысты. А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Кенжаева Мафтуна (2 курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) және Ракитин Алексей (1 курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) конкурстың жеңімпаздары атанды (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы А.М. Сарсенова).

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!