XII-ші жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі

20 қарашада Еуразия гуманитарлық институты Қазақстандағы елшіліктердің дипломатиялық өкілдіктерін қолдау, Қазақстанда қайырымдылықты насихаттау және халықаралық қатынастардың дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылатын XII-ші жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі аясында лотерея билеттерін дәстүрлі сатуды өткізді. Қайырымдылық жәрмеңкесіне ЕАГИ колледжі мен институт қызметкерлері, оқытушылары, студенттері қолдау көрсетті.

Қайырымдылық жәрмеңкесі 2019 жылғы 1 желтоқсанда сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін Астанадағы Radisson қонақ үйінде өтеді.