«Құқықтану» білім беру бағдарламасының белсенді топ студенттерімен кездесу өтті
2022 жылдың 9 желтоқсанында заң пәндері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, доцент К.С. Калдыбаев пен кафедраның аға кураторы, з.ғ.м., аға оқытушы А.Э.Тортаеваның бастамасымен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының белсенді топ студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында заң пәндері кафедрасының студенттік ұйымдары туралы айтылып, сол ұйымдардың төрағалары мен топ белсенділерін студенттердің арасынан сайланды. «Заңгер» – ғылыми үйірмесінің жетекшісі, кафедраның PhD докторы Е.К. Даурембеков, «Жас қыран» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік ұйымының жетекшісі, з.ғ.м., аға оқытушы Г.А. Канафина, спорт ұйымының жетекшісі, аға оқытушы Н.К. Даурембеков әр бағыт бойынша ұйымдардың жұмыстарымен таныстырып, жылдық жоспарларды бекітті.