«Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлектерімен кездесу

2023 жылғы 13 сәуірде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің (ЮК-19-01 академиялық тобы) дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғауы өтті. Дипломдық жұмыстарды қорғауды келесі құрамдағы комиссия: кафедра меңгерушісінің орынбасары К.С. Калдыбаев, аға оқытушылар А.О. Ибраева және А.К. Жантаева жүргізді. студенттер өз жұмыстарының тақырыптары бойынша қысқаша баяндамалар мен презентациялар дайындады.

Сондай-ақ, студенттерге StrikePlagiarism жүйесінде дипломдық жұмыстарды плагиатқа тексеруден өту рәсімінің негізгі сәттері көрсетіліп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді.