«Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кездесу

2021 жылғы 12 қарашада Еуразия гуманитарлық институтында «Алматы» ауданы полиция басқармасының кадр саясаты бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.С. Жаппаровпен, сондай-ақ «Алматы» ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Б. Әбішевпен кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – ҚР Ішкі істер органдарына жұмысқа орналастыру, сондай-ақ қызметтің негізгі аспектілерін жариялау.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя отырып, аталған іс-шараға үлкен қызығушылықпен қатысты.

Еуразия гуманитарлық институтының заң пәндері кафедрасының оқытушылары мен студенттері Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» аудандық полиция басқармасына аталған іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді.