«Құқықтану» мамандығы бойынша ЕАГИ колледжінің түлектерімен кездесу форматындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылғы 1 ақпанда криминалистикалық оқу-зертханалық кешен платформасында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.С. Абельдинов «Құқықтану» мамандығы бойынша ЕАГИ колледжінің түлектерімен кездесу форматында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асырды. Кездесу барысында түлектер қойылған сұрақтарға барлық жауаптарын алды. Түсіндіру сұхбатының нәтижелері бойынша әлеуетті талапкерлер біздің ЖОО-да оқуды жалғастыруға жоғары қызығушылық танытты.