«Ыбырайтану ілімі» атты дөңгелек үстел

2021 жылғы 30 қыркүйекте ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ыбырайтану ілімі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова, п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Алимбаев, п.ғ.м., аға оқытушы С. Батан ұстаз ашқан мектептер жайында баяндама жасап,  «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері ұстаздың түрлі тақырыптағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, талдау жасады, сондай-ақ, Ы.Алтынсариннің әңгімелері негізінде қойылым қойды.