Қылмыстық-атқару құқығы бойынша ашық сабақ  

2023 жылғы 17 ақпанда заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Г.Е. Мусынова ЮК-20-01 академиялық тобында қылмыстық-атқару құқығы бойынша ашық сабақ өткізді (3-курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы). Сабақтың тақырыбы: «Сотталғандардың құқықтық мәртебесі».

Интерактивті әдістерді қолдана отырып сабақта келесі мәселелер: құқықтық жағдайды түсіну, сотталғандардың негізгі құқықтары мен міндеттері, ұсыныстарды, өтініштерді қарау тәртібі қаралды.