ҒЫЛЫМ КҮНІ

2025 жылдың 10 сәуірінде Ғылым күні қарсаңында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының кітапханасында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми хатшысы, ф.ғ.к., доцент Г.Б. Тусіпова және орталықтың жасанды интеллект бөлімінің сарапшысы Б. Құрманбек «Филологиядағы  заманауи үрдістер: жасанды интеллект  және академиялық жазылым» атты семинар өткізді.

Іс-шара барысында лекторлар жасанды интеллектті ойлау, әдебиетті таңдау және тілді қолдану аясын кеңейту саласында қолдану туралы өз пікірлерімен бөлісті. ChatGPT мүмкіндіктерімен қатар ғылыми жұмыс барысында жасанды интеллектті қолданудың сәтсіздіктері де талқыланды.

Семинар қонақтары кітапхана қорына «Академиялық» мәтін жазу» шеберханасы» (авторы: А.Қажыақпар, Г.Түсіпова, Н.Қожабек, Д.Абдуллаева) еңбегін табыстады.

Семинардың бастамашысы және ұйымдастырушысы А. К. Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Л.Н. Дауренбекова, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары болды.