ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ДӘРІСІ

2022 жылдың 5 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтының студенттері мен оқытушылары үшін Еуразия ұлттық университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2020 жылғы үздік оқытушысы байқауының жеңімпазы Айберген Айкүміс Ілиясқызының қатысуымен «XXI ғасырдағы Нобель сыйлығы» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ. к., профессор Н.Т. Нығыманова құттықтау сөз сөйледі.

Дәріс қызықты да танымды өтті және қонақтың тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптарымен аяқталды.