Ғылым қызметкерлері күнінің құрметіне орай А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының бірқатар қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді

Салтанатты шараны институт проректоры Қадыр Әбілжанұлы Ахметов ашты. Институт ғалымдарын Ғылым қызметкерлерінің күнімен құттықтаған проректор Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың отандық ғылымды дамытуға айтарлықтай көңіл бөліп отырғанын айта келе, институтта орындалып жатқан ынталы ғылыми жобалардың жетжұмысына сәттілік тіледі.

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Құрмет грамотасымен марапатталған институт ғалымдары: п.ғ.к., доцент Волкова Людмила Васильевна, п.ғ.д., профессор Сарсекеев Бауржан Сапарович, т.ғ.к., профессор Ескалиев Самат Амангельдинович, п.ғ.к., доцент Ныгыманова Нурбану Токеновна, п.ғ.к., профессор Изакова Айжан Тендиковна, з.ғ.к., доцент Альмухамбетов Жантолы Нурланович, ф.ғ.к., Дауренбекова Лаура Нугайбековна, э.ғ.м., аға оқытушы Темиргалиева Айгуль Сержановна, PhD, доцент Аманғазықызы Мөлдір.