«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ – 2018»
2018 жылдың 12 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2018» студенттер мен магистранттардың XX республикалық ғылыми конференциясы өтті. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Конференцияның мақсаты – «ғылыми зерттеу» категориясы туралы біртұтас және сонымен бірге құрылымдалған ұғымды қалыптастыру және Қазақстан қалалары мен таяудағы шетел елдері студенттерінің арасында ғылыми қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Конференцияның жұмысына Астана қаласының көптеген оқу орындарының (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, ЕАГИ колледжі, гуманитарлық колледж, ҚАЗМЗУ колледжі» және т.б.), сонымен бірге Алматы қаласының (Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), Талдықорғанның (І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті), Қарағандының (Орталық-Қазақстандық Академия, «Болашақ» академиясы), Қостанайдың (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті), Ақтаудың (Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, сондай-ақ Ресей Федерациясы – Басқарма және өндіріс академиясының (Мәскеу қаласы) студенттері мен магистранттары, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. 300-ден аса баяндамаға өтініш берілді.
Конференция аясында педагогика және психология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар (тарих, әлеуметтану, философия және т.б.), қазақ және орыс филологиясы, шетел филологиясы мен аударма ісі, құқық, экономика және қаржы аясындағы жас ғалымдар зерттеулерінің мәселелері мен келешегі қарастырылды.
- Педагогика және психология.
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
- Қазақ және орыс филологиясы.
- Шетел филологиясы және аударма ісі.
- Құқық.
- Қазіргі экономиканың қаржылық аспектілері секцияларының отырыстарында студенттер баяндамаларын оқыды.
Секцияларға ЕАГИ-дің профессорлары мен доценттері жетекшілік етті.
Конференцияның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. Олардың мақсаты жас ғалымдар ғылыми зерттеулерінің жағдайларын жетілдіру, ғылыми кеңістікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасы студенттері мен магистранттарының ғылыми әлеуетін қалыптастыру және ары қарай дамыту болып табылды.
Конференцияның соңында қорытынды шығарылды, жүлделі орындар бөлінді, жеңімпаздар өзекті және қызықты баяндамалары үшін I, II, III дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен марапатталды.
Ұйымдастыру комитеті