«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ — 2020»

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ – 2020» студенттер мен магистранттардың республикалық онлайн-конференция

2020 жылдың 17-18 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ – 2020» атты студенттер мен магистранттардың республикалық онлайн-конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – «ғылыми зерттеулер» категориясының тұтас және құрылымдық ұғымын қалыптастыру және Қазақстандағы жоғары оқу орындардың студенттері мен магистранттары арасында ғылыми байланысты ұйымдастыру.

Онлайн-конференция жұмысына 150-ден астам студенттер, магистранттар және Нұр-Сұлтан қаласының (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.В. Ломоносов атындағы МГУ-дың қазақстандық филиалы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Астана халықаралық университеті, ЕАГИ колледжі, № 87 гимназия және т.б.), Алматы қаласының (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Павлодар қаласының (Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті), Шымкент қаласының (SILKWAY халықаралық университеті), Тараз қаласының (М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), сонымен қатар Ресейдің (Саратов қаласындағы «Бүкілресейлік мемлекеттік әділет университетінің, федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі Поволжье институты (филиал), Қытайдың (Пекин, Орталық ұлттар университеті) көптеген оқу орындарының білім алушылары қатысты.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтті:

  1. Педагогика және психология.
  2. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
  3. Қазақ және орыс филологиясы.
  4. Шетел филологиясы және аударма.
  5. Құқық.
  6. Қазіргі экономиканың қаржылық аспектілері.

Қорытынды пленарлық отырыста жас ғалымдардың ғылыми ізденістеріне, ғылыми кеңістікті қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының студенттері мен магистранттарының ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуға жағдай жасауды жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды. Конференция қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың ғылыми баяндамаларының тезистерінің жинағын шығару жоспарланды.