«Ғылым және жаңа ұрпақ – 2023» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясы
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты 2023 ж. 14 сәуірде «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2023» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның мақсаты – ғылыми зерттеулер категориясының тұтас және бір мезгілде құрылымдық идеясын қалыптастыру және Қазақстан қалалары мен көршілес елдердің әртүрлі университеттерінің студенттері арасында ғылыми байланысты ұйымдастыру.
Конференция келесі секция бағытында жұмыс жасады:
- ХХІ ғасырдың қазіргі гуманитарлық білім жүйесіндегі педагогика және психология.
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.
- Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың ғылыми-зерттеу аспектілері: жас ғалымдар көзімен.
- Тіл білімінің, аударматанудың және шет тілдерін оқыту әдістемесінің заманауи мәселелері.
- Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйені дамыту мәселелері.
- Қазіргі Қазақстан экономикасының қаржы секторын дамыту.
Конференция жұмысына көптеген оқу жоғары орындарының студенттері мен магистранттары, Астана қаласының көптеген оқу орындарының (А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті, ЕАГИ жоғары колледжі және т.б.), сонымен қатар Алматыдан (Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абая атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Қостанайдан (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті), Тараз (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті), Қарағанды (А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), сондай-ақ, Астана қаласындағы жалпы білім беретін № 26, 32, 48, 68, 87 мектептердің оқушылары қатысты. Конференцияға 200-ден астам өтінім ұсынылды.
Атап өтсек, ынтымақтастық аясында Бішкек қаласынан Қырғызстан Халықаралық университетінен студенттері мен магистранттары белсенді қатысты.
Қорытынды пленарлық отырыста жас ғалымдардың ғылыми ізденістеріне, ғылыми кеңістікті қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының студенттері мен магистранттарының ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуға жағдай жасауды жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды.
Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Кейін конференция материалдарын ӘОЖ және ISBN индексі берілген электрондық жинақ шығару жоспарланды.
Ұйымдастыру комитеті