Ғылыми дәреже
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 29 күні Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Сағынадин Гүлназ ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор С.А. Қасқабасовтың жетекшілігімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, 6D021400 – Әдебиеттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Түркі халықтары фольклорындағы аңыздық проза (жанрлар және кейіпкерлер жүйесі)» атты тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады. Әріптесімізге ғылым жолында толағай табыс тілейміз.