Ғылыми жобалардың халықаралық байқауы

13 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен 4 курс студенті Ақпаев А.Е. «Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі цифрландыру дәуіріндегі жастар» тақырыбындағы студенттік ғылыми жобалар байқауына қатысты.

Акпаев А. Е. «Іmpact – инвестициялау жобаларындағы әлеуметтік тиімділікті дамыту үдерісін жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады.

Байқау нәтижесі бойынша «Өзектілік және бірегейлілігі» номинациясын жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі аға оқытушы,магистр Дәулетханова Ж.Д.