«Ғылыми жобаларды іске асыру жолдары мен мәселелері» тақырыбындағы ғылыми семинар
2025 жылғы 15 қазанда А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының кіші конференц-залында «Ғылыми жобаларды іске асыру жолдары мен мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараның модераторы Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.А. Есқалиев алғы сөз сөйлеп, семинар жұмысын ашып берді, ЖОО-ның негізгі ғылыми басымдықтарын белгілеп, қазіргі жағдайда инновациялық зерттеулер жүргізудің өзектілігін атап өтті. Семинарда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық конкурстарына қатысу шарттары егжей-егжейлі түсіндірілді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры А. М. Азмұханова ғылыми зерттеулер мен ғылыми жобаларды әзірлеу саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.



