Ынтымақтастық аясын кеңейтудеміз

2020 жылдың 21 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтына шетелдік серіктес жоғары оқу орны Токат Гази Осман Паша Университетінен (Түркия) халықаралық қатынастар бөлімінің координаторы Құбылай Озиер бастаған делегация келді. Екі ЖОО арасындағы білім беру саласы туралы келісімге, сондай-ақ Мевлана және Эразмус бағдарламалары бойынша жұмыс істеу үшін хаттамаларға қол қойылды. Қол қойылған құжаттар негізінде институттың оқытушылары халықаралық деңгейде біліктілікті арттыруға, конференциялар мен симпозиумдарға қатысуға мүмкіндік алды, ал студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға баратын болды.