Ынтымақтастық аясында Наурыз мейрамын мерекелеу

2022 жылдың 30 наурызында Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Еуразия гуманитарлық институты студенттерінің қатысуымен Наурыз мейрамы өтті.

Концерттік бағдарлама ұсынылды, халықтық дәстүрлер көрсетілді, мерекенің басты тағамы – Наурыз көжені безендірген мерекелік дастархан жайылды.  Көктемнің оянуы мен жаңа жылдың басталуы көңілді және жарқын өтті.