Ынтымақтастық туралы меморандум
2019 жылдың 27 мамырында педагогика кафедрасында әртүрлі гуманитарлық бағыттарда сын тұрғысынан ойлаудың және ғылыми жұмыстарды жазудың дағдыларын дамытуға бағытталған «Адамтану» атты Ага Ханның жобасының аясындағы оқытушылардың кәсіби біліктіліктерін дамыту бағдарламасының үйлестірушісі профессор Нұржауар Исабаевпен кездесу өтті.
Әңгімелесу барысында қазіргі білім берудің өзекті мәселелері және Қазақстан мен Орталық Азияның ЖОО арасындағы өзара ынтымақтастықтарының келешегі қозғалды.
Педагогика кафедрасының оқытушылары Кырғызстанның, Тәжікстанның, Қазақстанның тарихи-мәдени тәжірибесіне сүйенетін пәнаралық салыстырмалы амалдардың торабындағы білім беру үдерісінің ізгілендіру саласында ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы мазмұнды ақпарат алды.
Кездесу соңында Орталық Азия университеті мен Еуразия гуманитарлық институтының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.