ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық жүйесі
- Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамсыздандыру және білім беру бағдарламаларын (жоғары және екінші жоғары білім берудің барлық деңгейлері мен формалары) еуропалық білім беру кеңістігінде тану үшін қазақстандық кредиттерді ECTS кредиттеріне қайта есептеу қажетті.
- ECTS шеңберінде академиялық кредит – аудиториялық жұмыстарда, сонымен қатар өздік жұмысы кезінде, пәнді игерудегі еңбек көлемі өлшемінің бірлігі. ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағатқа тең келеді.
- Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу және көшіру коэффициенттерінің негізінде қайта жүзеге асырылады.
- ECTS кредиттерін қазақстандық кредиттеріне қайта есептеу, бакалавриат үшін әрбір пән және білім беру бағдарламаларының деңгейі бойынша (1,5-тен 1,8-ге дейін) ECTS-тің 1 кредитінің толығуына байланысты ECTS кредиттерін көшіру коэффициенттеріне бөлу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, кредиттер бүтін бірліктен қалыптасады.
- Қазақстандық кредиттердің ECTS кредиттеріне қайта есептелуі, әрбір пән және білім беру бағдарламаларының деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы 1 кредитінің толығуына байланысты, Қазақстан Республикасының кредиттерін 4-пункте көрсетілген көшіру коэффициентіне көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілген көшіру коэффициенттері теориялық оқытудың кредитттерін қайта есептеу үшін қолданылады (аудиториялық сабақтар мен өздік жұмыстарын есепке алу арқылы).
- ECTS бағасының шкаласы («A»-дан «E»-ге дейін) бес оң бағаны, өзгертуге болатын «FX» бағасын және кредитер көрсетілмейтін «F» бағасын енгізеді.
Білімді бағалау жүйесі, білім алушылардың оқу жетістіктері бағасының балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне негізделген, кредиттерді және кредитер көрсетілмейтін «F» бағасын беруді қарастыратын 10 оң бағаны енгізеді («A»-дан «D»-ға дейін).