Оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы

  1. Институттың оқытушылары мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы Еуразия гуманитарлық институтының халықаралық және білім беру қызметінің маңызды бағыты болып саналады. Ол келесі мақсатта жүргізіледі:
  • Білім беру сапасын жақсарту;
  • Ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру;
  • Ұлттық және халықаралық білім беру қызметі мен еңбек нарығында ПОҚ пен түлектердің бәсекеге жарамдылықтарын күшейту;
  • Алдыңғы қатарлы отандық және шетелдің жоғары оқу орындарының тәжірибелерін игеру арқылы кәсіби құзыреттілікті жетілдіру;
  • Білім беру стандарттарының халықаралық салыстырымдылық жетістігі;
  • Шетелдік серіктес ЖОО-мен екі жақты келісімшарт негізінде шетелдік интеллектуалдық әлеуетті тарту;
  • Сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнату;
  • ЕАГИ дамуының миссиясы мен бағдарламасының орындалуы.
  1. ЖОО-нда ПОҚ-тың және қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру:

Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық – шетел білім беру және ғылыми мекемелеріне оқуға, оқытуға, зерттеулер жүргізуге және басқа да білім беру, ғылыми мақсаттармен бару.

Ішкі (ұлттық) акаемиялық ұтқырлық – Қазақстан Республикасы территориясындағы университеттер мен ғылыми орталықтарға оқуға, оқытуға, зерттеулер жүргізуге және басқа да білім беру, ғылыми мақсаттармен бару.

  1. ПОҚ-тың академиялық ұтқырлығының формаларына мыналар жатады:
  • жазғы және қысқы мектептерде ғылыми семинарларға қатысу;
  • топтық ғылыми және білім беру жобаларына қатысу;
  • қабылдаушы жақтың білім беру қызметіне қатысу;
  • қабылдаушы жақтың білім беру мекемелерінде стажировкадан өту, оқу және біліктілікті арттыру.
  • білім беру саласында кеңес беру және эксперттік қызмет көрсету;
  1. Институтқа басқа мекемелер мен ұйымдардан шақырылатын ПОҚ үшін академиялық ұтқырлық формаларына мыналар жатады:
  • Топтық жобаларға қатысу;
  • Баяндамашы және дәрісші ретінде семинарларға, ғылыми мектептер мен конференцияларға қатысу;
  • ЕАГИ-дің білім беру қызметіне қатысу (оның ішінде, дәріс оқу, мастер-класс өткізу, оқу курстарын оқу);
  • Білім беру саласында кеңес беру және эксперттік қызмет көрсету;;
  1. Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың қолы қойылған академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі координатор мен оқытушылардың өтініштерінің негізінде академиялық ұтқырлықтың қатысушылары іссапарға жіберіледі.
  2. Рапортта іссапардың негіздемесі, мақсаты және міндеттері, белгіленген орын, іссапар мерзімі, үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, оның қызметі және көлік шығыны ақысының болжалды көзі көрсетіледі.   Қызметтік хатқа қазақ және орыс тілдерінде шақыру (ағылшын тіліндегі шақырудың аудармасы беріледі), іссапардың мақсаты мен қаржылық жағдайы бойынша басқа құжаттар қоса беріледі.
  3. Академиялық ұтқырлық қатысушыларының іссапарына байланысты барлық ұйымдастыру мәселелерін академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі координатор институтта орнатылған тәртіпке сәйкес шешеді.
  4. Оқытушылар мен қызметкерлердің басқа ЖОО-на барулары және өз бастамаларымен ұйымдастырулары, ереже бойынша, жеке іссапар формасы түрінде шешіледі.
  5. Сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге шығатын институттың ПОҚ-ы мен қызметкерлері шетелдік төлқұжат, виза, сақтандыру, іссапар өтініштерін мезгілінде дайындаулары қажет.
  6. Қазақстандық және шетелдің ЖОО-ның (мекемелердің) оқытушылары мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлықтарын қамтамасыз ету үшін, академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс бөлімі институттың академиялық ұтқырлық сайтында институт ұсынған академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы ақпаратты (қазақ, орыс, ағылышын тілдерінде) дайындайды және орналастырады:
  • академиялық ұтқырлықтың жүзеге асырылуына мүмкін болатын мамандықтар тізімі;
  • топтық зерттеу жұмыстарының тақырыптамасы;
  • біліктілікті арттыру, оның ішінде жазғы және қысқы мектептердің бағдарламасы;
  • қабылдаудың шарттары, өтініштерді беру кезеңі және т.б.
  1. Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі координатор институтқа түскен өтінімдерді институттың қажетті бөлімдеріне шешім қабылдау үшін жібереді. Бөлім жетекшілерінің ұсыныстары ЖОО-ның әкімшілігіне жіберіледі.
  2. Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі координатор қабылданған шешім туралы өтінім иелеріне хабарлайды. Оң шешім болса, өтінім иесі шақыру-хатын, ЖОО-мен (мекемемен) ынтымақтастық туралы келісімшартты, үш жақтық келісімнің формасы мен қажетті ақпарат: бағдарламаның басталу күні, байланыс ақпаратын (телефон нөмірлері, факс, электронды почта адресі және т.б.), ЕАГИ-де рәсімдеу тәртібін, институт туралы жалпы ақпаратты жібереді.
  3. ЕАГИ-ге келетін академиялық ұтқырлық қатысушысына сол мекеменің өкілі бекітіледі (кафедра бойынша академиялық ұтқырлыққа жауапты адам).