Жаңалықтар

2015-2016 оқу жылының жазғы (қосымша) семестрінде студенттер мен ПОҚ-тың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру үшін, Алматы қаласы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қосымша білім алуға және дәріс оқуға 7 студент және 2 оқытушы жіберілді:

Шадиева Н.Х. – қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, п.ғ.к.

Шормакова А.Б. – қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, п.ғ.к.

Сальменова Жадыра – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті;

Ихсан Айдана – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті;

Бопиева Жазира – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті;

Тешабаева Ұғылай – «Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенті;

Кобжасарова Самал – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3-курс студенті;

Жақсылық Жазира – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенті;

Зубань Анастасия – «Ауарма ісі» мамандығының 3-курс студенті;

«Қаржы» мамандығының 3-курс студенттері Диханбаева А.А. , Жумагулова Н.Б., Дубилевич Л. С.Сейфуллин ат қазақ агротехникалық университетінде білім алды (Астана қ.).

Қазақстандық ЖОО-ы мен Еуразия гуманитарлық институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында дәріс оқуға келесі оқытушылар жіберілді:  шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Л.В. Волкова – Тұран-Астана университетіне; магистр, ЕАГИ-дің математикалық және экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Сембаева – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне; магистр, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы А.Е. Алимбаев –  Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына.

Ұтқырлық бойынша алмасу жоспарында ЖОО-мен келісімшарт негізінде қосымша (жазғы) семестрге 3 қазақстандық университеттен оқытушылар шақырылды: Тұран-Астана университеті (Колумбаева З.Е., доцент, т.ғ.к.), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Бурганова Р.И., доцент, п.ғ.к.), Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университі (Сәтемирова Д. А., доцент, ф.ғ.к.).