Қытай тілінде сөйлеу клубының отырысы

2022 жылдың 17 мамырында шетел тілдері кафедрасында шет тілдері апталығына арналған іс-шаралар аясында қытай тілінде сөйлеу клубының отырысы өтті. Отырыс барысында студенттер тіл үйренудің ерекшеліктерімен және қытай ұлттық костюмінің құрылу тарихымен танысты. Кездесу өте қызықты өтті, бұл барлық қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды.