Қыздарға арналған кездесу

2025 жылғы 12 қарашада А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында қыздарға арналған интерактивті кездесу өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК жанындағы «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығы институт әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жас қыздарға өз денсаулығына қамқор болудың, өзін бағалаудың және сенімді болудың маңызын ұғындыру.

Кездесуді жүргізген дәрігер-гинеколог Динара Түсіпбекова қыздарға профилактика мен салауатты өмір салты туралы түсіндірді.

Сонымен қатар іс-шарада:
– «Тамерлан» фитнес клубының негізін қалаушы Александра Омарова физикалық белсенділіктің және ішкі сенімнің адамның дамуына әсері жөнінде ой бөлісіп,
– «Ана Үйі» қорының өңірлік маманы Айжан Диханова өмірлік қиын жағдайларда қолдаудың, мейірім мен өз-өзіне сенудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу пайдалы әрі әсерлі болды. Қыздардың өзіне деген сенімділігі артып, зор шабытпен шықты.