«Қызыл орамалды шынарым» қойылымы

17 қыркүйек күні куратор Темиргалиева Гюзеля Камалидиновна жетекшілігімен ШТ-23-02 тобының студенттері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық драма театр сахнасынан «Қызыл орамалды шынарым» қойылымын тамашалады. Шынайы сезім мен адалдықты арқау еткен бұл туынды әр жүрекке терең әсер қалдырды. Кейіпкерлер тағдыры арқылы өмірде дұрыс таңдау жасаудың, адамдық қасиетті жоғалтпау керектігінің маңызы айқын сезілді. Шыңғыс Айтматовтың шығармасы көрерменге тек махаббатты емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді де ой салып жеткізді.

Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру студенттердің бойында жауапкершілік сезімін дамытып, ересек өмірде дұрыс таңдау жасау қабілетін дамытады.