Заң мен әділеттілік жолы

2025 жылғы 27 наурызда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында студенттер үшін маңызды кездесу өтті. Кездесудің құрметті қонағы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, құқық магистрі, доцент, қауымдастырылған профессор Равиль Сидагатович Мажитов болды.

Кездесу Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және ЖОО-ның 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды. Қонақ мемлекет тұрақтылығын дамытудағы ҚР Негізгі Заңының рөлі туралы айтып берді. Болашақ заңгерлер прокуратура органдарындағы жұмыстың ерекшелігі және құқық саласындағы кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы да білді.

Кездесу интерактивті форматта өтті: студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.