«Заң пәндері» кафедрасы бойынша «Құқықтану» мамандығының студенттерімен 2022 жылғы 5 маусымда Республикалық Референдум өткізілетіндігі туралы жүргізілген іс-шараның есебі.

«Заң пәндері» кафедрасы бойынша «Құқықтану» мамандығының студенттеріне 2022 жылдың  18- мамыр күні  з.ғ.к., профессор Ыдырысов Қ.З. және з.ғ.м., аға оқытушы Айтқұлова А.М.   ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 маусымда жалпы мемлекеттік Референдум өткізілетіндігі туралы және де Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісін, атап айтсақ,  президенттің өкілеттігі туралы, өкілді билік тармағын қайта құру,сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту,сайлау үдерісін жаңғырту, құқық қорғау институттарын күшейту,бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру, дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы ашық сабақ  өткізіліп, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ашық сабақ өткізу барысында   Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс берудің маңыздылығы туралы  жан-жақты талқыланды.

Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесінде айрықша орын алатынын және құқықтық мемлекеттің аса қажетті белгілерінің бірі болып табылатынын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы  мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі екенін, Конституцияның жоғары заң күші барлығымен және Республиканың барлық аумағында тікелей әрекет ететінін, барлық басқа бастаулар Конституция нормаларынан шығатынын және оған қайшы келмеуге тиіс екенін студенттермен  бірге талқылап, туындаған сұрақтарға жауап берілді.