Заң пәндері кафедрасында Алғыс айту күні

2023 жылдың 1 наурызында Заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.Э. Тортаева «1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында ЮК-20-01 академиялық тобында (3-курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) кураторлық сағат өткізді.  Кураторлық сағат барысында «Қазақ халқына алғыспен» фильмі көрсетілді. Студенттер мерекенің пайда болу тарихы, халықтардың Қазақстан жеріне қоныс аудару кезеңдері, Қазақстанның әрбір азаматы үшін мерекенің маңызы сынды мәселелерді талқылады.