Заң пәндері кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазіргі әлемдегі жеке қауіпсізді» атты эссе байқауы өтті
2021 жылғы 4-20 қазан аралығында Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазіргі әлемдегі жеке қауіпсіздік» тақырыбында эссе байқауы өтті. Ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Байқауға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Юр-19-01 тобының студенті Баймурзинова Эльвира;
2-орын – Юк-19-01 тобының студенті Абильдина Айгерим;
3-орын – ЮРТ-19-01 тобының студенті-19-01 МүсәлімТәнірберген.
Жүлделі орындарға ие болған студенттер Нұр-Сұлтан қ. ПД ЕБҚКБ грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.