Заң пәндері кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Заңгер мамандығын қалай елестетемін» тақырыбында бейнероликтер байқауы өтті

2021 жылғы 10-18 қазан аралығында Еуразия гуманитарлық институтында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Заңгер мамандығын қалай елестетемін» тақырыбында бейнероликтер конкурсы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Үздік ақпараттық роли» – ЮҚ-21-01 тобы.

«Үздік шығармашылық тәсіл» – Имашев Мейрам, ЮР-19-01 тобының студенті.

«Үздік креативті идея» – ЮР-19-01 тобының студенті Дәурен Анель.

«Үздік сценарий» – ЮР-18-01 тобы, ЮР-18-02 тобы.

«Үздік операторлық жұмыс» – Бекенов Думан, ЮРТ-20-01 тобының студенті.

«Кәсіби тәсіл» – ЮҚ-19-01.

«Заң әрпі бойынша…» – ЮР-21-01 тобы.

Көрермендер көзайымы сыйлығы қазылар алқасының бағалауына қарамастан, көрермендердің дауыс беру нәтижелері бойынша берілді. Бұл номинацияны ЮР-19-01  тобының студенті Сәрсенбаева Әсия жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қ. ПД ЕБҚКБ грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Студенттерімізге бұдан әрі жеңістер тілейміз!