Заң пәндері кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

2022 жылдың 14 наурызында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.Э. Тортаева кәсіби бағдар беру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының №52 мектебінің 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесуде А.Э. Тортаева 6В04209 – «Құқық» (Құқықтану) білім беру бағдарламасы туралы ақпаратты ұсынды, жоғарыда аталған білім беру бағдарламасы аясында студенттерге ұсынылатын «Қылмыстық-құқықтық», «Азаматтық-құқықтық» және «Тергеу-криминалистикалық» оқыту траекторияларының артықшылықтары туралы айтты.

А.Э. Тортаева өз сөзінде профессорлар-оқытушылар құрамының кәсібилігін, кафедраның жақсы материалдық-техникалық жабдықталуын, болашақ заңгерлердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін кең мүмкіндіктерді атап өтті.

Кездесу соңында оқытушылар мектеп оқушыларының мектепке түсу туралы және білім беру бағдарламалары бойынша өту балдары туралы сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ түлектерді институтқа ашық есік күніне шақырды.