«Заң психологиясы» пәні бойынша ашық сабақ

2023 жылғы 22 ақпанда заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.м. А.Э. Тортаева «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне (ЮК-20-01 академиялық тобы) «Заң психологиясы» пәні бойынша «Қылмыскердің жеке басының психологиясы» тақырыбында ашық дәріс сабағы өтті. Сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылды. Студенттерге қылмыскердің жеке басының психологиясы, сериялық қылмыскерлердің қылмыстық әрекеттерінің себептері және олардың түрлері туралы деректі фильмдер көрсетілді. Дәріс сабағын осы форматта өткізу студенттерге дәріс материалын жақсы меңгеруге және қылмыскердің жеке басының психологиясы туралы идеяларды көрнекі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.