«Заң және тәртіп» жобасы аясында кездесу өтті

 

2025 жылғы 29 қазанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Заң және тәртіп» жобасы аясында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге Астана қаласы Полиция департаментінің «Алматы» аудандық полиция басқармасының подполковнигі Бауыржан Камалиев және Астана қаласы Дін істері басқармасының өкілі Мұратбек Дәрібай қатысты.

Шара барысында студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу және заңға бағыну маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.