«Заң жобасын талқылау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы» тақырыбындағы іскерлік ойын

2023 жылдың 20 сәуірінде заң пәндері кафедрасының доценті Е.В. Крушинская ЮР-22-01 (1 курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) академиялық тобында «Заң жобасын талқылау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы» тақырыбында іскерлік ойын өткізді. Ойын барысында топ студенттері экологиялық қауіпсіздік саласындағы заң жобасының ережелерін ұсынды және әзірледі, ҚР Парламенті Мәжілісінің қолданыстағы регламентіне сәйкес отырыс өткізді, оның қорытындысы бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, заң жобасын бекітуге бірауыздан шешім қабылданды.

Іскерлік ойынның барлық қатысушылары талқыланған мәселе бойынша жақсы білімдерін көрсетті.