«Заманауи әйел: білімі, мамандығы, мансабы» атты халықаралық дөңгелек үстел
2022 жылғы 3 наурызда онлайн форматта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының бастамасымен «Қазіргі заманғы әйел: білім, мамандық, мансап» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың географиясы ауқымды болды. Қазақстанның түрлі қалаларынан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қызылорда, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты шетелдік серіктес ЖОО өкілдері мен жұмыс берушілер баяндама жасады.
Еуразия гуманитарлық институтының атынан психология ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының профессоры Т.А. Абдрашитова «ПАВ-тәуелділерге консультация берудегі мағыналық тәсіл» тақырыбында баяндама жасады.