«Зерек бала» ғылыми-әдістемелік үйірмесінің мастер-классы

2021 жылдың 30 наурызында педагогика кафедрасы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің «Зерек бала» ғылыми-әдістемелік үйірмесінде «Мектепке дейінгі балаларды ұлттық мәдениетке баулу (ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыру ерекшеліктері)» тақырыбында мастер-класс өткізді. Мастер-класс барысында студенттер мектепке дейінгі балаларды ұлттық құндылықтарға бағыттау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу жайлы баяндама жасады, сонымен қатар, мектепке дейінгі балаларды ұлттық мәдениетке баулудың қызықты әдістерімен («Асық» технологиясы) таныстырып, бейне сабақтарды ұсынды. Мастер-класс соңында қорытынды талдау жасалып, рефлексия ұйымдастырылды.