Жұмыс берушілермен кездесу

Еуразия гуманитарлық институтының «Аударма ісі» мамандығының студенттері оқу практикасын өткізу аясында жұмыс беруші Ястребов Александр Юрьевичтің ұйымдастыруымен өткен «Ұтымды аудармашылық шешім» атты семинарға қатысты.

Семинарға шетел тілдері кафедрасының оқытушылары қатысып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылды. Семинар соңында студенттер аудармашының жұмысына қатысты сұрақтар қойып, толық жауап ала алды.