Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған тарихи-әдеби танымдық кеш

2023 жылдың 20 қарашасында т.ғ.к., доцент Қ.Ш. Аубакированың  жетекшілігімен «Тұран» үйірмесінің мүшелері   қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі және шығармашылығына арналған тарихи-әдеби танымдық кеш өткізді. Кеште жазушы өмірінің қиын да қатпарлы кезеңдері сөз болып, артында қалған мол мұраларының  сол заманның мұң-мұқтажын парықтауға мүмкіндік беретіні айтылды. Іс-шараға институтымыздың  «Аққу» әдеби үйірмесінің студенттері де белсене қатысты.