Жүсіпова Малика

28Жусупова Малика — «Биле, биле», «ЕАГИ сұлтаны мен сұлуы», «Студенттер қатарына қабылдау», «Халықаралық студенттер күні», «Тілдер апталығы», «Қош келдің, Наурыз!» атты жыл сайынғы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысушы және команда мүшесі. 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша – «ЕАГИ-дің үздік студенті» атағының иегері, оқу үздігі,  ЕАГИ-дің «Ғылым және жаңа ұрпақ» ғылыми конференциясының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталған,  2015 жылғы «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынының жүлдегері (команда капитаны). Малика – ЕАГИ ЖІК-тің Пресс-орталығының корреспонденті, «Жас ұрпақ» газеті мақалаларының авторы, «Адал жүректілер қаласы» және «Best for kids» қыйырымдылық қорының еріктісі, «EXPO-2017» жобасының супервайзері, «TechConnect» көрмесінің қатысушысы. Американдық кино кинофестивалінің өтілуін ұйымдастыруға көмектескені үшін Қазақстандағы АҚШ елшілігінің алғыс хатымен марапатталған, Қазақ вальсі күніне арналған I халықаралық балдың дебютанты.