Жаңа әліпби – рухани жаңғыру бастауы

2017 жылдың 31 қазанында «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби – рухани жаңғыру бастауы» тақырыбында сарапшылар форумы өтті. Бұл форумға қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Шормақова Айжан Ботанқызының жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері Дәуіт Айым және Қосылбекова Ақмарал қатысты.